Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТТІ

Бүгінгі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудан орталығында орналасқан орталық алаңда балақайларға арналған мерекелік іс шара болып өтті деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігі. 1949 жылдан бері аталып келе жатқан бұл мереке бүгінде балғын балаларды ең сүйікті мерекесіне айналып отыр. Өткен жылдан бастап біздің ауданымызда да 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі ерекше аталып келеді. Дәстүр бойынша биылда балалар мен жастар музыкалық оркестірінің шеруі болды. Меререкеге арнайы ат басын бұрған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев балақайларға өз елін, жерін сүйетін отаншыл азамат болып өсулеріне және отбасыларына амандық, зор денсаулық тілеп ізгі тілектерін жеткізді.


Іс шарада аудан мектептерінінен жиналған оқушылар өз өнерлерін көрсетіп,ән шырқап би биледі. Балалар мерекесіне арналған шара жоғарғы деңгейде өтіп, жақсы өнер көрсеткен мектептер марапатталып, дипломдар табысталды.
Ауданымызда бүгінде 22 130 бала білім ошақтарында білім алады.

Елбасы Н.Назарбаевың бастамаларына орай ауданымызда балалардың терең білім алуына, оқу орнына түсуіне, еңбек етуіне және қамқорлыққа зәру балалардың қатарынан қалмай лайықты өмір сүру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қамқорлық жасалынуда.