Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: А.Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

ТҮРКІСТАН: А.Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңіріміздегі 23-45 жас аралығындағы тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының қазақ тілі оқытушылары арасында А.Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – оқытушылардың латын графикасына негізделген қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу, тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру, ынталандыра отырып кәсіби-педагогикалық шығармашылықты шыңдау болып табылады.

Байқауға аудан, қаладан 15 оқытушы қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті.

Байқаудың шарттары мен талаптарына сәйкес қазылар алқасы үміткерлерді бағалау кезінде оқытушылардың білім деңгейі мен тәжірибесіне, үздік үлгідегі оқыту әдісіне мән берді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Сарыағаш ауданынан Маликова Айгерімге лайық деп танылып, 100 000 теңге қаржылай сыйлықтың сертификаты табысталды.
Бірінші орынға Созақ ауданынан Есенгелді Айтбек ие болып, 80 000 теңге қаржылай сыйлық берілсе, екінші орын және 50 000 теңге сыйлықты Арыс қаласынан Лесбек Сандуғаш, үшінші орын және 40 000 теңге сыйлықты Төлеби ауданынан Жакупова Ақнұр мен Сайрам ауданынан Сагинтаева Шынар иемденді.
Өзге үміткерлерге де арнайы алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.