Домой Басты жаңалықтар ТӨЛЕБИДЕ «БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР!» АТТЫ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИДЕ «БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР!» АТТЫ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.
Жас ұрпақтың мінсіз таза айнасы ол,
Ақ ниетті, батагөй қариялар!
Халық қаһарманы, батыр Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды: шал, қария, ақсақал және абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қартты – шал, өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты — қария деп, тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айдынын асырып отырған қартты — ақсақал деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты — абыз деп атаған.
Қазіргі заманғы қариялардың ел арасындағы өзіндік орынын кейінгі буын жастарға көрсеті және паш ету негізінде, 3-ШІЛДЕ Төлеби аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында елдігіміздің көкжиегін кеңейтер, ел бірлігі мен халықтар достығын нығайтып, жас ұрпақтың туған топырағына деген сүйіспеншілігін арттыратын және ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл мұраларымызды: тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, мақал мәтелдеріміз бен шешендік сөздерімізді, ырым-тыйымдарымызды кеңінен насихаттап, жастарымызды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелейтін рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Батаменен ел көгерер!» атты аудандақ ақсақалдар байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен 7 ақсақал ақтық сында өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылды:
І –ОРЫН – Манапов Тұрғынбек (Кемеқалған ауылдық клубы)
ІІ –ОРЫН – Омарханов Сатыбалды (Зертас ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ –ОРЫН – Мырзалиев Төленді (Қостөбе ауылдық клубы)
ІІІ –ОРЫН – Сұлтанбеков Омархан (Диханкөл ауылдық клубы)
«Ақылды қария, ағынды дария» номинациясы – Бектуров Қыстаубай (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)
«Өнегелі қария» номинациясы – Қалиев Жұмабек (Жамбыл ауылдық клубы)
«Қазыналы қария» номинациясы – Асанов Есімхан (Жоғарғы Ақсу ауылдық округі)