Домой Мәдениет Серке Қожамқұловқаарналған «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты көрмесі өтті

Серке Қожамқұловқаарналған «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» атты көрмесі өтті

                  ҚР Ұлттық музейінде  ҚазССР Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «Қазақ сахнасының ірі тұлғасы» көрмесі өтті.

Көрме ұйымдастырушысы Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық — драма театры. Аталмыш шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, елордалық театр директорлары мен шығармашылық құрамы, қоғам және өнер қайраткерлері қатысты.

            Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің басшысы Күміс Сейітова министрлік атынан құттықтап, Серке Қожамқұловтың мол мұрасымен танысуға мүмкіндік берген Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына алғысын білдірді.

ҚР Халық әртісі Досжан Жанботаев өз сөзінде: «Жарты ғасырлық ғұмыры бар Жезқазған театры 40 жыл бойы Серке Қожамқұловтың есімімен аталады. Сахна Серкесінің өнері мен мұрасын насихаттау біздің парызымыз. 125 жылдық мерейтойымызды елордамыздан бастап жатырмыз. Жезқазған театрына қолдау көрсеткен Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбекке, облыстық Мәдениет басқармасына және барша адамдарға алғысымды білдіремін деді. Серке Қожамқұловтың қызы Мәриям Серәлі қызы осындай шараны ұйымдастырған Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Еркебұлан Жұмакеновке, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына алғыс білдіре отырып, Серке Қожамқұловтың мұрасы бір әулеттің мұрасы ғана емес, бар қазақ халқының мұрасы екенін жеткізді. С.Қожамқұлов театрының басшысы Досхан Сәкенұлы бұл шараның аса маңыздылығын атап өтіп, 2021 жылдың ауқымды жобалардың басы екені және жалғасы бір жыл бойы жүретінін ескерді. Біздің мақсатымыз «Жезқазған — театр меккесі» деп айтылған шалғайдағы емес маңдайдағы театрдың тыныс-тіршілігін елге таныстыру деп қорытындылады.