Домой Мәдениет «МЫНАУ — АДАМНЫҢ ЕМЕС, ПЕРІШТЕНІҢ ДАУСЫ»

«МЫНАУ — АДАМНЫҢ ЕМЕС, ПЕРІШТЕНІҢ ДАУСЫ»


Әлем жұртшылығы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің талантына тамсанады:
Кристин Орбст (Германия): «Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыс гаммасы түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті!»
Иан Стюарт (Ұлыбритания): «Құдайым-ау, қандай ғажап! Қайта-қайта тыңдап отырмын. Осындай да дауыс болуы мүмкін бе? «Мүмкін» дейтін шектен де шығып кеткен диапазон ғой мынау! Жаратқанның өзі берген дарын. Қуанышым кеудеме сыяр емес».
Марсия Никайдо (Бразилия): «Бұл сайыс емес шығар деп үміттенемін. Сайыс болса, басқа қатысушыларға жасалған әділетсіздік бұл. Мұнымен жарысуға кімнің шамасы келеді? Құдды бір әншінің ішінде үш әнші тұрған сияқты. Ғажап!».
Кристина Дельмендо (АҚШ): «Қандай дауыс! Тыңдап отырып көзімді жұмып едім, көңілім босап кетті. Көз жасым бетімде тарам-тарам боп ағып жатыр. Тілде кедергі болса да, музыкада кедергі жоқ: ол жүректерді біріктіріп, мейірімге үндей алады!».
Эса Сейтту (Швеция): «Бұл әнді тыңдап отырғаныма бірнеше сағат болды, тіпті тоқтай алар емеспін. Әннің не туралы екенін де білмеймін. Мынау — адамның емес, періштенің даусы. Музыка арқылы соғысты тоқтатуға бола ма? Иә, мына жігіт тоқтата алады. Мен әлемнің жеті кереметі туралы естігем, бірақ мына әншінің ғажайыбы бәрінен асып түсетін сияқты. Мұндай дауысты жаратқан Құдайға енді сенбесіме амал жоқ!».
ТУҒАН КҮНІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ДИМАШ!

Сәкен Сыбанбайдың фейсбуктегі парақшасынан