Домой Мәдениет МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ ВИЦЕ-МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ ВИЦЕ-МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Ұстаздарға мың алғыс» іс-шарасын ұйымдастырды.

Жиынның мақсаты — бүкіл әлемді шарпыған пандемия кезінде де ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол ұстаздық міндетін табандылықпен атқарып жүрген ұлағатты ұстаздар қауымына музей тарапынан шынайы ыстық ықыласты білдіру, құрмет көрсету.

Іс-шараға Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін барлық орта мектептің басшылары қатысты.

Басқосу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов саналы ұрпаққа сапалы білім беріп, ел болашағы жастардың тәрбиесіне сіңірген елеулі еңбектері үшін білім ұяларының басшыларын құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің алғыс хатын табыстады.

Осы орайда, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің директоры Д.Құдайбергенов іс-шараны ұйымдастырған қорық-музей ұжымына алғыс білдірді.

Марапаттау шарасы аясында ұлағатты ұстаздар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қожа Ахмет Ясауи, Есім хан, Рабия Сұлтан бегім кесенелеріне зиярат етіп, экскурсия жасады.