Домой Қоғам ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ КӨП

ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ КӨП

Бүгінгі таңда ел аймақтарында белсенді фермерлік қоғамдастықтар қалыптасып келеді. «Мой Тумар» ЖШС ферманың тиімділігін арттыруға, мал шаруашылығын сандық жүйеге көшіруге бағытталған мобильді қосымша жасап шығарды. Мобильді қосымшаға «Менің фермам», «Дүкен», «Қауымдастық», «Ақылды бақташы», «Менің жерім», «Күнтізбе» бөлімдері кіреді. Бұл бөлімдер фермерлерге іс-шараларды жоспарлауға, малдың есебін жүргізуге, ферманың жұмысына қажетті барлық заттарды сатуға және сатып алуға, GPS құрылғылары арқылы малдың бақылауын жүргізуге, жайылымдарды талдауға және олардың сапасын анықтауға көмектеседі.
Ал «Дүкен» бөлімі қосымшада ерекше орын алады. Осы бөлімнің көмегімен фермерлердің өнімін «ауылдан – қала тұрғынына» делдалсыз тікелей сатуға жағдай жасалып отыр. Бұл мынандай бағыттар бойынша өзінің тиімділігін көрсетуде. Атап айтқанда:

  1. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру;
  2. Қала тұрғындарының табиғи өнімдерге арзан бағамен қол жетімділігін қамтамасыз ету;
  3. Азық-түлік бағаларының өсуін тежеу және бақылауға мүмкіндік береді. Қазір жаңа жоба өзінің тиімділігін көрсетіп, фермерлер арасында үлкен қолдауға ие болуда.