Домой Қоғам Түркістанда «Түркі елдері жастарының аллеясы» ашылды

Түркістанда «Түркі елдері жастарының аллеясы» ашылды

Түркістан қаласында «Түркістан — Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жас көшбасшылары мен белсенділерінің халықаралық саммиті басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Саммит  200-ге жуық адамның басын қосты, атап айтсақ, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Венгриядан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Татарстан және Башқұртстан елдерінен арнайы келген. Ауқымды шара үш күнге жоспарланған.

«Түркістан — Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жас көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық саммиті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде. Шараның негізгі мақсаты — түркі елдерінің жастарын ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар, сондай-ақ болашақта түркі әлемінің даму жолын ортақ пайымдау негізінде топтастыру, «Түркістан-Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету.

Халықаралық саммиттің алғашқы күнінде қатысушылар мен қонақтар Түркістан өңірінің киелі жерлерін аралады. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан қаласындағы Сапар орталығына барды.