Домой Қоғам Түркістан: ұлттық біліктілік тестілеуінің талапқа сай жүргізілуі бақыланды

Түркістан: ұлттық біліктілік тестілеуінің талапқа сай жүргізілуі бақыланды


Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Түркістан қаласында орналасқан  UStudy тестілеу орталығында педагогтардың кәсіби білім деңгейін бағалайтын ұлттық біліктілік тестілеуі өтті. Мұғалімдердің сауаттылығын саралайтын тестілеуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  менеджері Нұржахан Абуова арнайы қатысып, талапқа сай өтуін бақылады.   
        Айта кетсек, тестілеуге өз біліктілігін арттыру мақсатында жалпы саны   98 маман педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші және педагог-шебер деңгейлері бойынша сынаққа қатысты. Оның ішінде, 30-педагог-басшы білім беру ұйымдарының басшылығына үміткер ретінде қатысса, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының  68 педагогы біліктілігін арттыру бойынша бақтарын сынады. 
Бақылау соңында әрбір орындықтарында  бейне бақылау камералары орнатылған  UStudy тестілеу орталығында өткізілген тестілеу барысында заңға қайшы іс-әрекеттер мен қандай да бір  құқық бұзушылықтар орын алмағандығы анықталды.