Домой Қоғам «Түркістан — Шәуілдір» бағытындағы күре жолда ауыр жүк көліктеріне рейдтік...

«Түркістан — Шәуілдір» бағытындағы күре жолда ауыр жүк көліктеріне рейдтік жұмыстар жүргізілді

Ағымдағы жылдың 4-6 мамыр күндері аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Түркістан — Шәуілдір бағытындағы күре жолда ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне рейдтік жұмыстар жүргізді.

Мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты – ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылмауына жол бермеу.

Үш күнге созылған бақылау жұмыстарына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Бауыржанұлы және облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Рейдтік шара кезінде жалпы саны 20-ға жуық аса ауыр жүк тасымалдаушы жүк көліктері тоқтатылып, артылған жүктің салмағы заңмен бекітілген шамадан асқан/аспағандығы мен тиесілі құжатының сәйкес болуы зерделенді.

Нәтижесінде, жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағы бақыланып, айыппұлдың жалпы құны 221 985 мың (екі жүз жиырма бір мың тоғыз жүз сексен бес) теңгені құрайтын 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және жол жүру ережесін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде өз жалғасын табатын болады.