Домой Қоғам Түркістан облысының полицейлері мектеп оқушыларына жол жүру ережелерімен таныстырды

Түркістан облысының полицейлері мектеп оқушыларына жол жүру ережелерімен таныстырды

Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес Созақ ауданы аумағында «Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Сонымен қатар полицейлер оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға үйретеді. Тарқатып айтар болсақ, Созақ АПБ ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны Ә.Уәлиева бастаған топ Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімімен А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына «Жол ережесін жадыңда сақта» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицейлер өз тараптарынан балаларға жаяу жүргіншілер жолағында, аула мен қала көшелерінде жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Балалар, тәртіп сақшылары тарапынан жолда жүру қауіпсіздігіне қатысты қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берді. Балалар полицейлердің жол жүру қауіпсіздігі ережелеріне қатысты қызықты да қажетті мәліметтері мен сабағына алғыстарын білдіріп, жолда жүру ережелерін үнемі сақтап жүретіндерін айтты.