Домой Қоғам Түркістан облысына ДДСҰ-дан жане Ресейден гуманитарлық көмек келді

Түркістан облысына ДДСҰ-дан жане Ресейден гуманитарлық көмек келді

Бүгін Түркістан облысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен гумантарлық көмек келді.

Дүниежүзілік сақтау ұйымынан өңірімізге 25 000 дана бетке арналған қорғаныш қалқан, 3 600 дана қорғаныш көзілдіріктері, 6 700 дана медициналық оқшаулау киімдері, 18 000 дана хирургиялық және 51 000 дана респираторлық бетперделер келсе, Ресей елінен 2 600 дана қорғаныш киімдері, 21 750 дана бір реттік үшқабатты медициналық бетперделер мен 230 дана «коронавир» дәрілері көмек ретінде келді.

Осыған орай, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп, аталмыш медициналық қорғаныс құралдарының облыстық қоғамдық денсаулық басқармасынан Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне толық тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізді.

Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері келіп барлық жеткен қораптарға «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауы бойынша нақт шаралар атқаруда.