Домой Басты жаңалықтар Түркістан: Назарбаевтың сыныптасы «Кемеңгер, дана көшбасшы» атты кітап шығарды

Түркістан: Назарбаевтың сыныптасы «Кемеңгер, дана көшбасшы» атты кітап шығарды

Мақтааралда ардагер ұстаз, елбасымыздың сыныптасы Рауза Төлемісованың «Кемеңгер, дана көшбасшы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Сондай-ақ, кітап авторының бастамасымен қысқаметражды фильм де түсірілген.


Арнайы тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, «Жебе» баспа үйінің басшысы Ж.Төлетай және Шымкент қаласынан, Жетісай ауданынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Жиынға қатысушылар Рауза Мәтеқызының шығармашылығына сәттілік тілеп, жаңа кітап туралы:


«Рауза апайымыз бұған дейін бірнеше туындыларды жарыққа шығарып, оқырман қауымға ұсынған болатын. Алматы облысының тумасы мақталы Мақтаарал өлкесінің келіні атанып, бар өмірін Мырзашөл топырағында білім саласын дамытуға, бала тәрбиелеуге, елге қызмет етуге арнап, бүгінде шығармашылықты қолға алып, естелік туындылар жазып жүр. Ендеше, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы жарыққа шыққан жаңа кітап кейінгі ұрпаққа зор мұра болып қалатынына сеніміміз мол» – дер А.Күнтуқызы өзінің пікірін білдірді.