Домой Басты жаңалықтар Түркістан: Мемлекеттік қызметкерлер адал қызмет етуге ант берді

Түркістан: Мемлекеттік қызметкерлер адал қызмет етуге ант берді

Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Дәл осындай талап пен талғамға сай келіп, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңнамасын сақтауға, мемлекетіміздің саяси жүйесін жетілдіріп және халық алдында адал қызмет етуге ант берді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай  шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков те мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, қаламыздың әлеуметтік — экономикалық дамуы жолындағы еңбектеріне шынайы ризашылығын жеткізді.

«Мемлекеттік қызмет — әрбіріңізден жауапкершілікті, жанашырлық пен сабырлылықты талап етеді. Тарихи сәтте Түркістан қаласының көркеюіне үлес қосу баршамыз үшін үлкен бақ деп білемін. Рухани астанамызды гүлдендіру жолындағы бастамаларымыз жемісті болсын, құрметті әріптестер!», — деді қала басшысы өз құттықтауында.

Сонымен қатар, Нұрбол Әбдісаттарұлы мемлекеттік қызмет саласының үздіктерін марапаттады.