Домой Қоғам Түркістан: Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мұғалімдердің қатысуымен тренинг өтті

Түркістан: Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мұғалімдердің қатысуымен тренинг өтті

Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі орта мектептерде дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігін көтеру мақсатында «Діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде тренинг өткізілді.
Аталған іс-шараға 800-ден аса дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.
Мұғалімдердің рухани жаңғыру аясында діни сауаттылығы мен олардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған бұл тренинг — олардың дәстүрлі құндылықтарды насихаттауында да маңызды рөлге ие болады.
Іс-шара барысында белгілі ғалымдар мен теолог мамандардың лекциялары тыңдалып (Д.Кенжетай — филосифия және теология ғ.д., профессор, М.Халықов — «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і директорының орынбасары, дінтанушы, М.Ташимов «Инновациялық білім беру орталығы» директорының орынбасары, дінтанушы-теолог), діни ахуалды жақсарту тетіктері қаралды.
Семинар қорытындысында дінді деструктивті мақсатта пайдаланушы топтардың теріс идеологияларына тосқауыл қою арқылы қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жөнінде тиісті бағыт-бағдар берілді.
Аталған тренинг облыс өңірінде бірінші рет өткізілгеніне орай мектеп мұғалімдері оны оңды нәтиже ретінде қабылдап, алдағы уақытта да жиі өткізуді және оқушылар арасында да осы тренингке ұқсас семинарлар өткізу сияқты бірнеше ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында «Діни экстремизм мен терроризмнің және кереғар ағымдардың қоғамға зияны» тақырыбында 860 кітапшалар шығарылып, мұғалімдерге таратылды.