Домой Қоғам «ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы жоғары оқу орындары студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында, жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау жұмыстары аясында Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы «Сырдария» жеке меншік университетінде «Таза сессия» акциясын өткізді. Бұл – біздің облысымыздағы екінші және жалғыз жеке меншік университет. Расымен де, жеке меншік оқу орындарының жай-күйі алаңдатады. Студенттерге арнайы қағаздар таратылып, қағазды анонимді түрде толтыруға мүмкіндік берілді. Университетте болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәліметтерін анкета толтырушылар сандық бағалау мен ашық ойларын жазып көрсетті. Акция қорытындысы жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық ахуалының қазіргі жағдайын көрсетеді, оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды.