Домой Қоғам ТҮРКІСТАНДА ЖОЛДАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛДАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Түркістан қаласы басшысы Рашид Аюповтың тапсырмасына сәйкес 2018-2020 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдарда орын алған кемшіліктерді мердігерлер қайта ретке келтірілуде.

Атап айтқанда, «АлемтрансЖол» ЖШС тарапынан жүргізілген 15-тен астам көшенің 11 көшесінде, «Ақжол» ЖШС жүргізген 6 көшенің 5 көшесінде, «Баянды Құрылыс» ЖШС жөндеген 11 көшенің 8 көшесінде, «Тeсhtronic-Stroy» ЖШС тарапынан жүргізілген 9 көшенің 5 көшесінде, «НұрСтрой» ЖШС-не тиісті 6 көшенің 3 көшесінде, «СтСервис» ЖШС жүргізген 6 көшенің 4 көшесінде, «Отау-Строй» ЖШС тарапынан жүргізілген 11 көшенің 5 көшесінде жолдың асфальт қабаты бұзылған жерлері анықталып, жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі таңда, асфальт пен аяқ жолдардың бұзылған жерлерін қайта қалпына келтіру бойынша, мердігер мекеме жол қабатының отырған тұстарын кесіп, шағал тас төсеп жатыр. Жол бөлігінің отырған тұстарына төселген шағал тас тиісті дәрежеде нығыздалмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің, яғни жол қабатының қайта отыруы орын алуы мүмкін. Сондықтан, тастар біршама уақыт ішінде тиісті дәрежеде нығыздалғаннан кейін, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

​Қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылаған Рашид Абатұлы апта соңына дейін, яғни белгіленген 20 күн ішінде мердігерлердің өз есебінен қолға алу қажеттігін қатаң ескертті.