Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ БІЛІМ ОРДАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ОРНАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ БІЛІМ ОРДАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен «Менің Туым, Менің Отаным» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Патриоттық іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік Туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтары мен орта арнаулы оқу орындарында орналастыру.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістандағы іргелі білім ордасында жалғасын тапқан акция барысында жастар патриоттық әндер шырқап, флэшмоб өткізді. Колледждің қасында арнайы тутұғыр орнатылып, Мемлекеттік Ту ілініп, көкте желбіреді.


Жастарға серпін берген мерекелік жиында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, қалалық мәслиxат депутаты А.Аппазов, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, «Jas Otan» ЖҚ төрайымы Жұлдыз Намаз көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Мемлекеттік Тудың маңыздылығына тоқталды.
Айтулы акцияны жоғары деңгейде ұйымдастыра білген колледж ұжымы өзге мекемелер де туды қадірлеп, игі істі жалғастырса деген тілектерін жеткізді.
Жалпы «Менің туым, менің Отаным» акциясы Түркістан облысында өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бас партияның бұл бастамасына тұрғындар да риза. Қасиетті байрағымыз көкке өрлеп, еліміз мәңгі жасай берсін!