Домой Қоғам ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева мен қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жулаева қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Инара Әбдіғаппарқызының қабылдауына келген Марина Шолухо көп балалы ана атаулы әлеуметтік көмек көрсетуін сұраса, Олеся Бусыгинаның өтініші өзі тұратын көпқабатты тұрғын үйінің төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген мемлекет есебінен, бірақ тұрғындар жөндеу ақысын өздері төлеуі тиіс екен. Алайда, жөндеу жұмыстары сапасыз жасалғандықтан төлеуден бас тартып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге әлеуметтік көмеке мұқтаж екенін айтты. Ал, Ақмарал Пернебекқызына келген қала тұрғындары Шәріпхан Мергенбаев жұмыссыз, индустриалды аймаққа ақылы қоғамдық жұмысқа барғысы келетінін айтса, Роллан Усеновте жұмысқа орналастыруын сұранды.

Жоғарыда аталған халық қалаулысы мен мекеме басшысы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша тиісті шешім қабылдап, қабылдауға келген азаматтардың өтініштерінің орындалуына ықпал етті.