Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Қауіпсіз жол» акциясы аясында Түркістан облысы полицейлері республикалық маңызы бар Түркістан-Шымкент трассасы бойында «Жолда қабылдау» іс-шарасын өткізді. Мұнда ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасы мен ЖПҚ-не бағынысты патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстарын жүргізді. Негізінен соңы ауыр зардапқа әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларына жүргізушілердің ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын өрескел бұзатыны себеп болуда. Қазіргі жаз мезгілі, оның үстіне шілде айының ыстығында кейбір жүргізушілеріміздің ұйықтап кету жайттары салдарынан да айтып келмейтін апаттар орын алған. Бүгінгі іс-шарада полицейлер аталған олқылықтардың орын толтыру мақсатында көлік жүргізушілерін тоқтатып, бірден құжат тексермей, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басым бөлігі жолаушы таситын қоғамдық көліктерді тоқтатып, жүргізушілеріне жол ережелері жазылған брошюралар мен сергек болып отырыңыз деген ниетпен су таратты. Ағымдағы жылдың басынан облысымызда жүргізушілердің салғырттығы салдарынан 394 жол-көлік оқиғалары орын алып, 87 адам қайтыс болған және 544 жолаушы әр түрлі деңгейде жарақаттанған. Өз кезегінде көлік жүргізушілері де аталған шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын көрсетіп, жол қозғалысын реттеп, апатты болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жүрген облыс полицейлеріне алғыстарын білдірді. «Өте керемет екен, сіздерге рахмет. Үнемі қызметтесіздер, жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында өткізіліп отырған акцияларыңыздың берері мол. Жолда қауіпсіздікті сақтаймыз» -деп шын ықыласын білдірген жүргізушілер қатары көп болды. Құрметті жүргізушілер, соңғы уақыттағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны күнннен-күнге артып отырғаны қоғамды да, «Тәртіп сақшыларында» толғандырып отыр. Сол себепті, көлік жүргізушілеріне шамадан тыс жылдамдықты арттырмай, ақауы болса мән беріп, қарсы жолға шығып кетпей, ұйықтап қалмай, көліктермен жарыспай, бұрылыс жарықтарын жағып, қауіпсіздік белбеуін тағып, апатқа алып келетін әрекеттерге жол бермеу керектігі мұқият түсіндірілді.