Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДЕПУТАТ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АНАҒА ҚОЛАРБА АЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДЕПУТАТ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АНАҒА ҚОЛАРБА АЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ

Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді. Адам баласына мейірімділік таныту, қайырымдылық көрсету адамгершілік қасиеттің ізгі бастауы екені даусыз. Яғни, қайырымдылық – қазақтың ең негізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж пендеге қол ұшын созып, жақсылық жасау – азаматтық борыш. Аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж балалардың қамқоршысы болып, оларға мейірім көрсете отырып жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.«Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, ізгі іс етсең, текті тірлік сүргенің» деген аталы сөзді назарға алған Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Наматуллаев Рүстем, өзіне қоғамдық қабылдауға өтініш айтып келген. Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны Молдабекова Ханыткульге қоларба алуына ықпал жасады. Дәлірек айтқанда жеке кәсіпкер Бегманов Бексултан Бақтыбайұлына апаның қазіргі қиын жағдайын айтып, көмек көрсетуін сұрап өтініш білдірген. Өз кезегінде жаны жомарт Бексултан Бақтыбайұлы халық қалаулысының өтінішін жерге тастамай, жеке өз атынан қоларба сыйға тартты.» Бір қадам жүру мұң болып қалған кезде. Жетісай ауданы мәслихатының депутаттарынан көмек сұрадым. Аллаға шүкір елім дейтін азаматтар маған осындай ұмытылмас сый жасады. Жүруімді жеңілдеткен жандарға мың алғыс» деп Молдабекова Ханыткуль ризашылығын білдіріп көзіне жас алды. Және ақ батасын беріп алдағы істеріне сәттілік тіледі.