Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫСТАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫСТАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтарал ауданы жастарының арасында дебат ойындарын кеңінен насихаттау арқылы олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шешендік өнерге баулу, ізденістерін арттыру арқылы ойлары мен тұжырымдарын ашық жеткізе алуларына мүмкіндік жасау мақсатындағы сөз додасы бүгін Мақтаарал ауданының Бірлік ауылдық округінен жалғасын тапты. Пікірсайысқа округке қарасты мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Бірлік ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «Тіл мен ұлт – егіз» тақырыбында өткен сайыста қатысушылар бүгінгі тіл тағдыры жайында өз тұжырымдарын ортаға салды. Ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.Тартысты өткен кездесуде №32 жалпы орта мектебінің оқушысы Әмірова Ақнұр «Үздік спикер» атанса, «Болашақ» жалпы орта мектебінің оқушылары өздерінің тапқырлықтарымен топ жарып, аудандық кезеңге жолдама алды. Ал, өзінің әділдігімен дұрыс шешімдер қабылдап, төрелік жасаған Мақтажан атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тұрабай Ақнұр «Үздік төреші» номинациясына ие болды.Сайыс соңында барлық қатысушылар округ әкімінің алғыс хатымен марапатталды