Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қорының  қолдауымен еліміздің барлық облыстарында  өскелең  жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын  қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақтың жарқын бейнесі» аттты жас қылқалам шеберлерінің байқауы өткізілуде. 

Аталған жас суретшілер  байқауы Түркістан өңірінде де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан ұйымдастырылып, байқау аясында  ағымдағы жылдың 6 қарашасына  дейін жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары  арасында «Адал ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбында үздік сурет батл байқауы өткізілді.  

Онлайн форматта өткізілген байқаудың негізгі мақсаты — бейнелеу шығармашылығы арқылы жас буынның рухани болмысын бекітіп, жастардың бойына  адалдық пен парасаттылық қағидатын  қалыптастыру. 

Байқау барысында талаптарға сай, суреттің пішіміне шектеу қойылмады. Кез келген техникада (май, акварель, тушь, қарындаш, борлар, гуаш, пастель және т.б.)  орындалған сапалы суреттер қабылданды.   

Байқау 2 кезеңнен, атап айтсақ іріктеу кезеңі ұсынылған шығармашылық жұмыстардың негізінде орындалса, 2  кезең – қорытындылау,  марапаттау кезеңдерінен тұрды.
       
Ал, қазылар алқасының құрамында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының және арнайы мониторингтік топ мүшелері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен  БАҚ өкілдері болды.    

Айта кетсек,  байқаудың қорытындысына сәйкес, адалдықты қыл қаламмен өрнектеген үздік жас суретшілер «9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай,  марапатталатын болады.