Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ КӨП

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ КӨП

Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ашылған орталыққа келгендер кітап оқу алаңында еркін тақырыпта ізденіп, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Спорт бұрышында физикалық дене жаттығуларын жасайды. Ал қолөнер бұйымдары бұрышында түрлі кәдесыйларды жасауды үйреніп, зағиптарға арналған үстел тенисінде бір сәт көңіл сергітеді.
Сонымен қатар, мұнда йога орталығы да жұмыс істейді. Оған қоса, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін ойнап, үйренуге барлық жағдай жасалған.
Ғимарат аумағында мүгедектер арбасына таңылған жандардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы пандустар салынған.
Ғимараттың екінші қабатында оқу залы мен зағиптарға арналған Брайль әліпбиі негізінде жазылған әлемдік және қазақ классиктерінің көркем шығармалар жинағы да топтастырылған. Сондай-ақ, шығармалардың аудио нұсқадағы үлгісі де келушілердің назарына СD-дискі түрінде ұсынылады. Көңілі қалаған адам кітапхана қызметкеріне жаздырып алып, үйіне кетіп тыңдауға беріледі.
Орталығында қандай қызмет көрсетіледі:
• Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
• Психолохиялық қолдау бағытында кеңес беру;
• Сурдоаудармашы қызметі;
• Дефектолог маман көмегі;
• Компютерлік, цифрлық технологиялық сауат ашу;
• ЭЦҚ арқылы электронды қызметті пайдалануды үйрету;
• Массаж орталығы;
• Иога орталығы:
• Спорттық дене шынықтыру;
• Көңіл сергіту шаралары;
• Зияткерлік ойын түрлері;
• Рухани-танымдық шаралар;
• ДЦП дертіне шалдыққан балаларға қолдау көрсету;
• Пробациялық бақылауда жүрген азаматтар мен жазасын өтеп шыққан жандардың қоғамға бейімделуіне кеңес-көмек көрсету қызметі бар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Арыс қаласында 3 102 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Олардың ішінде – 205 – I-топ; 678 – II-топ; 1 709 – III-топ болса, 510-ы жасөспірім мен балалар.