Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың халық алдында берген есебінде Майлыкент ауылдық округі тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің дені ауылдың ішкі жолдарын ретке келтіру болатын. Бұл мәселелер бойынша аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ісшаралар жоспары түзіліп, маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған.Осы ретте, аудан орталығында тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді қанағаттандыру мақсатында биылғы жылы жалыпы ұзындығы 12,7 шақырымды құрайтын 15 көшеге «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы шеңберінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Аталған 15 көшенің 8-і Көкжайлау мөлетек ауданына, 6-ы Жанкент мөлтек ауданына тиесілі. Сондай-ақ, аудан орталығындағы көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Алатау(Подгорная) көшесіде биыл толығымен орташа жөндеуден өтпек.Аудан әкімі өткен сейсенбі және бейсенбі күндері Көкжайлау, Жанкент мөлтек ауданының көшелері мен Алатау көшесін арнайы жаяу аралап, жөндеу жұмыстары басталмай тұрып көшедегі ретке келтіруді қажет ететін тұстарын реттеуді ауыл әкімі мен жауапты дербес бөлім басшысына тапсырды.Содан соң, Нұрлан Мархабатұлы Пушкин-Бағыспаев қиылысындағы көпқабатты үйлер ауласын аралап, әр көпқабатты үйден белсенді азаматты тағайындап, есік алды мен арық-науаларды тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және көпқабатты тұрғын үйлер құрылысында кемшіліктерге жол берген мердігерлермен қалпына келтіру жұмыстарын тездетіп ұйымдастыруды жауапты дербес бөлім басшысына тапсырды.