Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімі Н.Тұрашбеков Түлкібас ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында қорытындылады.

Аудандық мәдениет үйінде өткен есепті кездесуге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.Қожаниязов,Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ. Тәжібаев, аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ — кент әкімдері, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, аудан тұрғындары мен облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құрал өкілдірі қатысты.

Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. Аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылған. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген. Балабақшамен қамту 100% пайызға орындалып отыр. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп көшелер жарықтандырылуда. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін газ саласы оңтайлы шешімін тапқан.
Сонымен қатар, кездесуде аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.