Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҚЫЛМЫС АЗАЙЫП, АШЫЛУЫ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҚЫЛМЫС АЗАЙЫП, АШЫЛУЫ АРТТЫ

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Ермек Нуралиев өткен жылды қорытындылап, аудан халқының алдында есеп берді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов және аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Сарыағаш ауданы бойынша 2019 жылдың 12 айында жалпы тіркелген қылмыстардың саны 1544-тен 912-ге азайған.
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың санатына жататын қылмыстардың ашылуы 64,3-тен 87,5-ға пайызға өссе, ауыр қылмыстардың ашылымы 58,8-ден 86,6 пайыға артқан.
Қасақана кісі өлімі санатына жататын қылмыстарды тіркеу 4-тен 3-ке кеміп, 100 пайыз ашылған. Қарақшылық қылмысының тіркелуі де 4-тен 1-не төмендеп отыр.
Пәтер ұрлығы, мал ұрлығы, алаяқтық қылмыстары да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір кеміген.

  • Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық есепте тұратын тұлғалармен жұмыс жүргізу Жергілікті полиция қызметі құрылымдарына жүктелген. Яғни «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабында Ішкі істер органдары құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Сарыағаш ауданы аумағында 2019 жылдың 12 айында жалпы 912 қылмыс орын алған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 40,9%-ға төмендеп отыр. Қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 34,5%, көшеде жасалған қылмыстар – 30,9% кеміді – деді Ермек Нуралиев.
    Есептік кездесуде аудан әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов қоғамдық тыныштықты сақтау, қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
    Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға кең көлемде жауап берген Ермек Серікбайұлы алдағы уақытта да жүктелген жұмыстар үлкен жауапкершілікпен атқарылатындығын жеткізді.