Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Сарыағаш ауданының ауылдық округтерінде де жүзеге асуда.
Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы М.Отаршиев аудан орталығынан шалғайда орналасқан Әлімтау ауылдық округіндегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғынның үйіне арнайы барып, отбасының жай-күйімен танысты. Үй иесінің өтінішін тыңдаған аудан басшысы, алдағы уақытта қоғамдық жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек көрсету, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету сынды мәселелер бойынша тұрақты көмек көрсетіліп тұратынын жеткізді.
«Қамқорлық» жобасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетіліп, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалмақ