Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: «САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ...

ТҮРКІСТАН: «САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған  «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында Отырар ауданына қарасты бірқатар ауылдық округтерге төселген жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. 

Зерделеу жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау.

Кешенді бақылау жұмыстарына Отырар ауданы әкімінің орынбасары Р.Әліш, «Түркістан- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ә.Ердәулет, аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімінің басшысы» бөлімінің басшысы                 А.Құдайбергенов,  облыстық «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» РМК мамандары, жауапты мердігер компанияның басшылары мен аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мониторинг жұмыстары барысында ауыл тұрғындарының арыз-шағымына сәйкес, Отырар ауданындағы орта жөндеуден өткен Шәуілдір, Арыс, Мыңшұқыр, Темір ауылдық округтеріне қарасты «М.Әуезов», «Оқсыз», «Н.Құлымбетов», «Пышақшы», «Ж.Қазиева» көшелерінің асфальт бетон жамылғысынан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы сынамалар алынып, мемлекет бюджетінен салынған жолдардың құрамы мен стандарты, сапасы мен қауіпсіздігі  сараланды.     

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, үй жанында орналасқан суағарлардың беті үгітілгені, асфальтбетон жамылғысынан тегіссіздіктер мен бұзылулар, бордюрлардың жылжу деректері анықталып, мердігер мекеме басшыларына қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілді.  

         Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары айына екі рет тұрақты негізде жүргізіліп отыратын болады.