Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ӘР ГЕКТАРДАН 20,5 ЦЕНТНЕР АСТЫҚ ЖИНАЛУДА

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ӘР ГЕКТАРДАН 20,5 ЦЕНТНЕР АСТЫҚ ЖИНАЛУДА


Қара жерден несібе іздеген шаруалардың еңбек өнімділігі қашан да маңызды. Сол мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын дамыту ісіне айрықша мән беріліп келеді. Осы ретте Түркістан облысы, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков бүгін Манкент ауылдық округін аралап, ауыл шаруашылығы саласындағы және инфрақұрылымдық жұмыстардың жоспарға сай орындалуын пысықтады.
Аудан әкімі мұндағы тіркелген 1200 шаруа қожалықтың бірі — «Халмурад» шаруа қожалығына тиесілі егін алқабындағы астық ору және жинау жұмыстарымен танысты.
Манкентте, жалпы, 4500 гектар ауыл шаруашылығына арналған егістік жері бар. Орташа есеппен 1 гектардан 18-24 центнерден астық жиналуда.
Айта кетейік, бидай ору науқаны бойынша аудан көлемінде жоспар 8,1%-ға орындалды.
Қазіргі таңда Сайрам ауданында жоспарланған 16 мың гектар бидайдың 1,3 мың гектары орылып, жиналды. Бұл 20 665 тн бидай көлемін құрайды. Орташа 1 га жерден 20,5 центнер өнім алынуда.