Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: САЯБАҚТА 12000 ДАНА АҒАШПЕН ТОЛЫҚТЫ

ТҮРКІСТАН: САЯБАҚТА 12000 ДАНА АҒАШПЕН ТОЛЫҚТЫ


Түркі халқының екінші меккесі саналатын киелі шаһар Түркістан қаласында «Қалалық саябақтың» құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталықта құрылысы жүріп жатқан саябақтың құрылысын «Шымкент Жасыл Қала» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде.Жалпы ауданы 27,8 га құрайтын саябақ аумағында 12 000 дана ағаш, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 476 ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған болса, бүгінгі таңда 10500-ден астам түп ағаш отырғызылып, гүл егу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аяқжол тақтайшалары және асфальт жұмыстары, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарықшамдар орнатылып, газон мен суару жүйесі жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың шілде айында құрылысы аяқталуы жоспарланған нысанда 140-қа жуық жұмысшы мен 20-ға жуық техника жұмылдырылып қарқынды жұмыс атқаруда. Жасыл желекке оранатын саябақ экологияны жақсартып қана қоймай, адамдарға сая сыйлар баққа айналады деп күтілуде.