Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ЖАСАДЫ

Түркістан облысы Отырар ауданының 1982 жылы туылған ерікті азаматтар «Қайырымдылық — қайырлы іс» акциясын өткізіп, елдің алғысына бөленді.

«Қазір табиғи жағдайда байланысты электр жарығы сөнгендіктен көптеген дүкендерде нан тапшылығы сезіліп, ауыл тұрғындары үйде де нан пісіретін пештерін пайдалана алмай жатыр. Дәл қазіргі жағдайда ең бірінші қажеттілік осы нан болғандықтан ақылдаса келе қиналған жандарға нан жеткізіп береуді жөн деп санадық. Бұған дейін екі күн қатарынан жалғасып келе жатқан бұл істі біз алдағы уақытта да жалғастырып ел тығырықтан шыққанша, яғни, ауылға жарық берілгенше тегін нан таратсақ деген ойдамыз»,-дейді азаматтар .

Өз кезегінде түлектердің көпке өнеге қайырымды істеріне ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын айтып жатқан тұрғындар аз болмады. «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы көктемнің алғашқы айында келген табиғаттың тосын мінезі ауылдардағы мал-жанды біраз әбігерге салып қойды. Осындай сәттерде ел жағдайын ойлап, қайырымдылық жасап жүрген жаны жомарт жандардың ел жанынан табыла білгендеріне дән ризамыз. Алла істеп жатқан жұмыстарыңа береке беріп, отбасыларыңа қуаныш, бақыт сыйласын деп тілейміз»,-деген тұрғындар ыстық ықыласқа толы жүрекжарды лебіздерін жеткізіп жатты.