Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 АЙДА БЮДЖЕТТІ ЖЫМҚЫРУ ДЕРЕГІМЕН 59 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 АЙДА БЮДЖЕТТІ ЖЫМҚЫРУ ДЕРЕГІМЕН 59 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛГЕН

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланған баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Брифингте ағымдағы жылдың 8 айында Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 133 қылмыс тіркеліп, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар — 99, ал жедел жолмен бүгінгі күнге — 82 қылмыстық іс анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда өсімнің байқалатындығы аталып өтілді.
Сондай ақ, М.Қарғабай өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша — 59 қылмыс тіркелгенін жеткізді.
Және анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 830,7 млн. тенгені құрағандығын, ал оның 822,9 млн.теңгесі мемлекет бюджетіне толық қайтарылу арқылы 99,2% өндірілгендігін мәлім етті.
Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.
Баспасөз жиынының соңында Мирас Асқарбайұлы еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенін алға тартып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы Агенттіктің 1424 CALL орталығына хабарлауға болатынын жеткізді.