Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Департамент «Адалдық алаңы» форматына көшкен болатын.
Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Бүгінгі күні тұрғындардың кедергісіз қызмет алуына айрықша басымдық беріліп отыр.
Жобаның мақсаты – азаматтардың азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету.
Аудан тұрғындарына қолжетімді, ашық және жедел қызмет көрсететін ашық кеңестіктегі жаңа нысанда жұмыс жасайтын 3 бөлім.
Атап айтсақ:

  1. Мемлекеттік өрт бақылау тарапынан жүргізілетін тексеру қызметі. Атап айтқанда, бақылау нысандарына қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру жұмыстарын жүргізу барысында нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайына оң баға беру;
  2. Азаматтық қорғаныс саласында субъектілерге қатысты жүргізілетін тексерулер барысында оң баға беру;
  3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігі Көкшетау техникалық институтына студенттердің оқуға түсу және жұмысқа қабылдау бойынша қызмет түрлері көрсетіліп, азаматтардың кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік беріледі.