Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АДАЛДЫҚ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН...

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АДАЛДЫҚ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізі және парасаттылық құндылықтарын ілгерілету» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлерге онлайн форматта семинар өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарын болдырмау және алдын алу арқылы елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

100-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер қатысқан онлайн оқыту дәрісінде Ерұлан Икрамұлы бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін түсіндіріп, ел игілігі жолында адал қызмет ету — мемлекет мүддесін арқалаған азаматтарға жүктелген мәртебелі міндет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыру мақсатында қабылданып жатқан жобалар мен шараларды хабарлай келе, жемқорлыққа қарсы саясатты табысты жүргізуде рухани мәдениеттің жоғары болуы тиіс екендігін жеткізді.

Шара соңында мемлекеттік қызметшілерді адалдық деген асыл қасиетке жақын болуға шақырып, егер сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болса, тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласуға болатынын ескертті.