Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ 7711 ПЛАНШЕТ САТЫП АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ 7711 ПЛАНШЕТ САТЫП АЛЫНДЫ

Ел аумағында орын алған пандемияға байланысты білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту үдерісіне  көшіп,  соған сәйкес Түркістан облысының мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту мақсатында ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан  жалпы саны 57 190 (7711 планшет, 5952 компьютер, 43527 ноутбук) компьютерлік құрылғыларымен қамтамасыз ету жоспарланған болатын.  
Осы орайда, бүгінгі күні облыс бойынша 7711 планшет сатып алынып, аталған компьютерлік құрылғылар бекітілген арнайы комиссия құрамының, соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық  кеңсесінің менеджерлерінің қатысумен  «Тесhnodom» электроника дүкеніне қабылдап алынды.   
Айта кетсек,  сатып алынуы тиіс   49 479 (5952 компьютер, 43527 ноутбук) компьютерлік құрылғылар ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін өңірдегі мектеп  оқушыларының игілігіне берілетін болады.  
Алдағы уақытта облыстық адами әлеуметті дамыту басқармасына қарасты қала/аудандардағы  білім бөлімдеріне бөлінген планшеттердің таратылуын және толық тасымалдануын «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жіті қадағалайтын болады.