Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ


Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев 5 тұрғынды арыз-өтініштері бойынша қабылдады. Шағымданушылардың басым бөлігі кәсіпкерлік саласындағы түйткілдерді қозғады.
Кентау қаласы, Искі Иқан ауылының тұрғыны Аброр Набиев еккен мақтасын фирмаға өткізегенімен ақшасын ала алмай келеді. Арызбен мұқият танысқан облыс әкімінің орынбасары диқанға: «Мақта өткізген кезіңізде құжаттар бойынша келісім жасау қажет еді. Сіздер келісімге отырмағансыздар. Сол себепті сотқа жүгінесіз. Онда да тауар өткізгеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Қосымша «Атамекен» ҰКП төрағасына өтініш жасаймын. Сізді қабылдап, мәселеңіз бойынша көмектесетін болады. Мақтаңызды өткізген фирмаңыздың басшысымен сөйлесіп, қорытындысын сізге айтады», – деді.
Түркістандық Әнуарбек Исабековтың шағымы да осыған ұқсас. Келісімшарт құжаттары олқы түскен бұл тұрғын кәсіпкерікке келтірілген шығынын өтей алмай жүр. Мейіржан Иябайұлы бұл мәселе бойынша қала әкіміне тапсырма беретінін, заң аясында көмек қарастырылатынын жеткізді.
Кентаулық Ақнұр Мукаева жеке кәсіпкерлікпен айналысуға көмек сұрай келіпті. Бұл тұрғынға кәсіпкерлік курсын оқып, сертификат алу жөнінде ұсыныс айтылды. Сонымен қатар үйінің жанынан ашып отырған кәсібіңің құжаттарын заңдастыру керек екені түсіндірілді. Ал әлеуметтік жағдайы бойынша көмек сұраған түркістандық Құрбанкүл Тумашеваға облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы бойынша көмек көрсетілетіні мәлімделді.
Бір ерекшелігі, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде кореялық инвесторды ерте келген тұрғынның та өтініші тыңдалды. Бәйдібектік Берік Уалиев жылыжай салу, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ойларын ортаға салды. Мейіржан Мырзалиев кореялық кәсіпкер мен оның сенімді өкіліне ұсынысты нақтылап, бизнес-жоспарды толық әзірлеп әкелу керектігін, сонда тиісті қолдау көрсетілетілетінін мәлімдеді.