Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: Мобильді топтың жұмысы жанданды

ТҮРКІСТАН: Мобильді топтың жұмысы жанданды

Әлемді алаңдатқан коронавирус індетімен күрес әлі де жалғасуда. Еліміздегі бүгінгі ахуалдың біршама тұрақталғанына қарамастан карантин режимін сақтау аса маңызды болып қала бермек. Оның ішінде Түркістан қаласындағы жағдайдың қалыпқа келуі үшін де біршама істер қолға алынып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Қала әкімі Рашид Абатұлы Аюповтың арнайы байланыс нөмірін құру бойынша ойы да іске асырылып, Түркістандағы карантин шараларының сақталуына үлкен мән берілуіне өз үлесін қосып тұрғаны анық. Аталған нөмірге тұрғындар режимнің бұзылғандығы жайлы фото және видеоларын жолдап, мекен — жайын қалдыра алады.

Сонымен қатар, құрылған 6 мобильді топ шаһардағы 5 мөлтек аудандағы қоғамдық және халық көп шоғырланатын орындарды өз бақылауына алып, ондағы жағдайдың тұрақтылығына жауап беретін болады. Қазіргі таңда топтардың жұмысы күшейе түскен.  Тәртіпке бағынбай, індеттің таралу қаупінің жоғарылауына әсерін тигізгендерге айыппұл салынып, тиісті органдар алдында жауапқа тартылады.