Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: Көршілерінің малдарын ұрлаған күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАН: Көршілерінің малдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері көршілерінің малдарын ұрлаған күдікті ұстады – деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шардара АПБ-нің кезекшілігіне жергілікті тұрғын арызданып, қорасынан түнгі уақытта белгісіз біреулер 60 мың теңге тұратын малын ұрлап кеткендігін айтады. Бір аптадан кейін полиция бөліміне тағы бір жергілікті тұрғын арызданып, оның да қора жайынан малы ұрланғанын көрсетеді.
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, жедел-іздестіру іс-шаралары атқарылады.
Шардара АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік инспекторлары бірлесіп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тінтіп, куәгерлерден сұрастырып, мал тасымалдайтын автокөліктерді және мал сойып, ет сататын орындарды мұқият тексеріп шықты.
Нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады. Ол қойларды ұрлап, мал сатушыға сатып жіберген жәбірленушілердің көршісі болып шықты. Тәртіп сақшылары одан айғақты зат ретінде екі мал басын тәркілеп, заңды иелеріне қайтарып берді.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.