Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: Әкімшілік-орталықтағы ауыз су мәселесі шешімін табады

ТҮРКІСТАН: Әкімшілік-орталықтағы ауыз су мәселесі шешімін табады

Түркістандағы ең әсем, әрі маңызы жоғары нысандар көшін Әкімшілік-іскерлік орталығы алып тұрғанын жасыра алмаймыз. Облыс орталығы мәртебесін иемденгеннен соң ғана құрылысы басталған бұл аумақта жасалған жұмыстар мен атқарылған істер саны жетерлік. Қаламызда қаншама жылдар бойы шешімі табылмай келген ауыз су мәселесі орталықты да айналып өтпеген еді. Ал, қазіргі таңда құрылыс қарқыны күшейіп тұрған 2 су резервуары бұл қиындықтың да оңтайлы шешу жолы десек қателеспейміз. Суаққы ұзынды 18, 022 шақырымды құрайтын қойма құрылысы жақын арада аяқталып, халық қолданысына ұсынылмақ. Резервуарлардың әрқайсы 8000 м3 – ты құрамақ.

Су қоймаларының жағалауын демалыс орындарына айналдырып, суды тиімді пайдалану бойынша жоспар құрылуда. Бүгінгі таңда магистралды су құбырлары орнатылып, резервуарларда абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, Кеңсай – Қосқорған-2 су қоймасының құрылысы да аяқталуға жақын. Аталған қойма Қарасу өзенінің таза суын сақтауға және су тасқынының болмауына әсерін тигізеді деп күтілуде.