Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ӘР ОТБАСЫ 10 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ӘР ОТБАСЫ 10 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, аудан орталығы Абай ауылында «Гүлдене бер, туған ел!» атты акциясы бастау алып, 1000-ға жуық көшеттер егілді. Оған қоса, ауыл әкімдігі тарапынан ауылдың санитарлық тазалығы мен сенбіліктерге ауыл тұрғындарын жұмылдыру сынды мәселелер күн тәртібені қойылып, жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Әкімдіктің жоспарын ауыл билері де қолдап, аудан орталығының төбе биі ауыл аумаққа бөлінген билерге, әр отбасы 1-сәуірге дейін 10 түп көшет ағаш отырғызу міндетін ауыл тұрғындарына түсіндіре отырып, іске асыру жоспары түзілген. Сонымен қатар ауыл билеріне ауылдың тазалығына немқұрайлы қарайтын мөлтек аудандардың суретін көрсетіп, сол аумақтағы билермен бірлесе мәселені шешу жолдарын қарастыруға уағдыласылды. Өткен сенбіден қарқын алған тазалық, көгалдандыру жұмыстарына ауыл тұрғындары да үн қатып, үй іргелерін тазалап, ағаштар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Соның бірі ауыл іргесіндегі мазаратты тұрғындар бірлесе айналдыра шырша ағашын отырғызды. Сонымен қатар, ауылға кіре беріс жол, яғни М.Артықов көшесінің бойына да әкімдікке қоғамдық жұмыс арқылы тартылған азаматтармен ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілуде.