Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: «Яссы бағы» демалыс орнындағы жұмыстар көз қуантады

ТҮРКІСТАН: «Яссы бағы» демалыс орнындағы жұмыстар көз қуантады

«Яссы бағындағы» абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. 2020 жылдың сәуір айында бастау алған төртінші кезең жұмыстары сәуір айында аяқталуы тиіс. Бүгінге дейін аталған аумақта Германия, Белгия мен Өзбекстан елдерінен әкелінген 962 дана ағаш, 14 мың дана гүл егіліп үлгерген. Жалпы көлемі 7,1 гектар жердің 6,04 гектарын көгалдандыру, 4358 м2 жерге гүлдендіру, 53 мың м2-қа газон төсеу көзделген.

«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы маңында орналасқан демалыс орны қала қонақтары мен тұрғындарын күту үшін ең маңызды аумақ болары сөзсіз. Сол себепті де нысан құрылысының сапасына үлкен мән беріліп, оқылықтардың жіберілмеуіне баса назар аударылған. Нәтижесі де көңіл қуантарлық.

Айта кетейік, аталған демалыс орнында 140 – қа жуық адам жұымс істеуде. Алдағы уақытта жеміс-жидек ағаштары егіліп, көпшіліктің көңілін көтерер атмосфера қалыптасатынын айтады мамандар. Сонымен қатар, ағаш санының көптігі қаладағы экологиялық жағдайға да өз әсерін тигізері сөзсіз.