Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: Ирригациялық каналдардағы құрылыс қарқыны жоғары

ТҮРКІСТАН: Ирригациялық каналдардағы құрылыс қарқыны жоғары

Қарт қаладағы жүргізіліп жатырған елеулі жұмыстар ішінде көзге  көрінбейтіндері де қаншама?! Атқарар қызметі өлшеуге келмейтін, шаһар экологиясы үшін аса маңызда құрылысы қызып жатырған нысандар көшін 11,7 км-ге созылған ирригациялық канал құрылысы бастап тұр. Киелі шаһар Түркістан қаласының ең маңызды көшелерді бір-біріне байланыстырып тұрған каналдың 1,5 км-і Яссауи көшесінен өтіп, 3,1 км канал Бекзат Саттарханов даңғылынан жасыл белдеуге өтеді. Сонымен қатар, Шекті Тілеу – Жолдыаяқов көшесінен 3,7 км канал жүріп өтіп, Желілік саябаққаа құяды. Айта кетейік, ирригациялық канал өз басын Арыс – Түркістан  каналынан алады.

Қазірдің өзінде құрылыс қарқыны күшейген Бекзат Саттарханов даңғылынан «Ортақ» тұрғын үй массивіне дейінгі 4,9 км каналдың біршама бөлігі аяқталып үлгерген. Жұмыстар толық аяқталған соң, ирригациялық каналдың ұзындығы 15 км-ге жетеді деп жоспарлануда. Жоғарыда аталған каналдар жиегінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған.