Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕЙТІН КЕЗЕКТІ МУРАЛ ПАЙДА БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕЙТІН КЕЗЕКТІ МУРАЛ ПАЙДА БОЛДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен аудан әкімдігінің қолдауымен Төлеби ауданында адалдық құндылығына негізделген жаңа мурал салынды.
Ауданға қарасты Ленгер қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласынан шыққан әлемге әйгілі ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидың бейнесі кескінделген.
Бұл композицияның негізгі ерекшелігі — биіктігі 15 метрді құрайтын мурал Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұламаның «Адамның өз ар-ожданы алдындағы адалдығы, шыншылдығы – әділ, өзіне-өзі қастерлі, жүріс тұрысы үлгілі болуынан» деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.
Тылсым табиғатты өлкеде пайда болған аталмыш мурал аудан тұрғындарының арасында туралық пен тазалық, адалдық пен ар тазалығы сынды құны биік қасиеттердің кең дәріптелуіне және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ.
Ең алғаш түркі әлемінің төл перзенті Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты сөздерінен бастау алған бұл келелі бастама, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалаларда өз жалғасын табатын болады.