Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӘДІЛДІККЕ БАСТАЙТЫН ТАҒЫ БІР МУРАЛ ПАЙДА БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӘДІЛДІККЕ БАСТАЙТЫН ТАҒЫ БІР МУРАЛ ПАЙДА БОЛДЫ

Муралдар қала ажарына көрік қоспаса, оны бұзбасы анық. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арыс қалалық әкімдігінің қолдауымен адалдық құндылығына негізделген «Әділ сөйлеп, адал жүр» атты мурал салынды.

Әл-Фараби көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген.

Ұлы ақынның «Әділ сөйлеп, адал жүр» деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған мурал қала тұрғындарының арасында әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ.