Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай облысқа қарасты Қазығұрт ауданына арнайы барып, парасаттылық идеялогиясын ілгерілету мақсатында аудан активімен кездесу өткізді. 
  
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында өткізілген мақсатты жиынға Қазығұрт   ауданының әкімі Төлеген Телғараев пен оның орынбасарлары, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері, сондай-ақ  БАҚ өкілдері қатысты.   
  
Адал қоғамды қалыптастырудың тиімділігі мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеудің негізгі тетіктері кең көлемде талқыланған жиында сөз алған Мирас Асқарбайұлы Агенттіктің бастамасымен Түркістан өңірінде жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардың  жемқорлық деңгейін төмендетуге тигізер үлесі мен Департаментпен алдын алу, ішкі талдау, жедел бағыттары бойынша атқарылған жұмытарды тілге тиек етті.       

Сондай-ақ,  қос жыл көлемінде Қазығұрт ауданында анықталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына айрықша тоқталып өтіп, аудан активіне бірінші  басшылардың жеке жауапкершілігі мен ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпарат берді..  

Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, мемлекет мүддесін арқалаған қызметкерлерді ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.