Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН БІЛІКТІ ҰСТАЗДАР

ТҮРКІСТАН: ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН БІЛІКТІ ҰСТАЗДАР

Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 7 ақпанында «Bastau Hall» салтанатты сарайында «Дарынды балалар мен білікті ұстаздардың» кезекті слеті өткізілді. Слетте республикалық жалпы білім беретін пәндердің аудандық және облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.


Слетке ауданымыздың жалпы білім беру ұйымдарынан I,II,III жүлделі орындарды жеңіп алған 217 оқушы және оларға білім беретін 150 пән мұғалімдері салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.
Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне ауданымыздан 42 оқушы қатысып, оның 16 — ы жүлделі орындарды жеңіп алды. Облыстық кезеңде ауданымыздың оқушылары I орын — 3, II орын — 4, III орын — 6 және «Алғыс хат» — 3 оқушы иеленді.
«Дарынды балалар мен білікті ұстаздардың» кезекті слетінде аудандық ата — аналар комитетінің төрағасы, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаз — М.Миразизов салтанатты іс — шараны құттықтау сөзімен ашты, ал ұлағатты ұстаз Б.Тлебалдин дарынды оқушыларға өз ыстық лебіздерін білдіре отырып, мүғалімдердің шығармашылықтарына табыс тіледі. Сонымен қатар, облыстық пән олимпиадасынан жүлдегер атанған оқушылардың жетекшілеріне аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Кадырбектің демеушілігімен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара барысында аудандық «Өнер» мектебінің және білім беру ұйымдарының өнерлі оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ал, пән әдіскерлері өздерінің пәндеріне байланысты викториналық сұрақтар мен қызықты жұмбақтарды жасыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының артуына себепкер болды.
Ұлағатты ұстаздар мен дарынды оқушылардың қуаныштарымен құттықтай отырып, келесі оқу жылына толағай табыс тілейміз!