Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: АТА-БАБА АМАНАТЫ — АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТЫ

ТҮРКІСТАН: АТА-БАБА АМАНАТЫ — АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрлыған облыстық үгіт-насихаттық Штаб өкілдерінің кезекті кездесуі Түркістан облысының қоғамдық денсаулық, облыстық сәулет және қала құрылысы, облыстық жер қатынастары басқармаларының ұжым қызметкерлерімен өтті.

Мақсатты жиынның негізгі мақсаты — ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін түсіндірді.

Өз кезегінде Штаб төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.