Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АМЫТУ ЖОСПАРЫНА ЕНГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АМЫТУ ЖОСПАРЫНА ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, қала прокуроры Талғат Сейдуалиев, мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев Сырдаия, Онтам және Арапов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты.
Жүздесуде Сырдария елді мекенінің тұрғындары қала әкіміне ағын су, мал жайылымдық жердің тапшылығы жайында мәселе көтеріп, қоқыс шығару және спорт алаңдарын салып беру туралы өтініштерін жеткізді.
Сонымен қатар ауыл ардагерлері бас қосатын шағын ғимаратты алып беру, өткен жылы тас төселген жолдарға асфальт төсеп беруін өтінді.
Ал Онтам елді мекенінің тұрғындары бақша дақылдарын өсіру үшін ағын судан тапшылық көріп отырғандарын жеткізді.
Сондай-ақ, елді мекенге жақын орналасқан жол бойына жылдамдықты азайту белгісін орнатып, адам өтетін жолақ сыздырып беруге ықпал етуін сұрады.
Арапов елді мекенінің тұрғындары да тартынып қалмады. Балаларды мектепке таситын көлік қажет екендігін айтып, мәселелерімен бөлісті. Жайылымдық жер мен ағын су тапшылығы бұл ауылдың да басты проблемасына айналған.
Кездесу соңында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова көтерілген барлық өзекті мәселелер назарға алынып, ауыл округтерін дамыту жоспарларына енгізілетінін айтты. Қала прокуроры Т.Сейдуалиев тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Мәслихат хатшысы А.Байтанаев партия жұмысының тиімді іс-қимыл коэффициенті азаматтардың тұрмысын жақсартатын тәжірибелік шешімдерге байланысты болатынын айта отырып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің өзектілігін назарға алып, іске асыру бойынша атқарушы органдармен бірлесе істейтінін жеткізді.