Домой Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Арыс қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы заманауи орталық ашылды. Бұрын той өткізу мақсатында салынған ғимарат иесі нысанды қала тұрғындарының мәдени-танымдық, спорттық сергіту орталығы ретінде пайдалануға берді.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен тойхана қайта құрылымдаудан өткізіліп, қосымша құрылыстар жүргізілді. Сөйтіп, зағип жандар мен құлақ мүкісі бар, жалпы мүмкіндігі шектеулі қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітетін заманауи орталығы ретінде іске қосылды.
Бұл жерде көзделген негізгі мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық емес сауықтыру шараларымен олардың өмірлік белсенділігін арттыру, психологиялық көмек көрсету арқылы тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға бейімдеу болып табылады.